Астанада құрылыс алаңында жұмысшы мерт болды

АСТАНА. 20 қараша. ҚазАқпарат - Астана қаласының Есіл ауданында салынып жатқан «Самұрық қазына» тұрғын-үй кешенінде ағаш сүргілейтін құрылғыны түсіру кезінде жарақат алған «Номадқұрылыс» ЖШС 38 жастағы жұмысшысы ауруханада жан тапсырды.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.