Астанада құрылыс компаниясы 70 млн. теңгенің ағашын заңсыз кесіп, сүріп тастаған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Бейбітшілік» көшесін қайта қалпына келтіру барысында «Компания АИС-Астана» ЖШС ешқандай рұқсатсыз сол жердегі ағаштарды кесіп, сүріп тастаған, деп хабарлайды қалалық прокуратураның 1-ші басқармасынан.

Экономикалық бағалауға сәйкес, бұл заңсыз әрекеттен келген залал 70 млн. теңгеден асып жығылады. Аталған сома сот шешімімен мемлекеттік бюджетке қайтарылды. Айыптылар жазаға тартылды.