Астанада құрылыс компаниясының қызметкерлері жалақыны сот арқылы өндіріп алды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда тұрғындары  Есіл аудандық сотына құрылыс компанияларының бірінен жалақы өндіріп алу туралы шағымданды, деп хабарлады Астана қаласы сотының баспасөз қызметінен.

2014 жылы құрылыс компаниясы мен елорданың 18 тұрғыны арасында жеке еңбек шарты жасалған екен. Онда компанияда қызметкерлер алдында жалақы бойынша қарыз қалыптасқан. Қазіргі уақытқа дейін компания жалақы төлемеген. Осылайша қызметкерлердің құқығы бұзылып отыр. Есіл аудандық соты талапарызды қанағаттандырып, елорданың 18 тұрғынының пайдасына 200 млн теңгеден астам қаражат өндіру туралы шешім шығарды.