ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратынша, «Базис-Құрылыс компаниясы» ЖШС-ның 49 жастағы жұмысшысы дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу барысында 10 метр биіктіктен құлаған. Ол алған жарақаттардан оқиға орнында көз жұмды.
08:50, 05 Сәуір 2011
Астанада құрылыс нысанынан жұмысшы құлап кетіп, мерт болды
АСТАНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат - Астанада Б.Момышұлы және Тәуелсіздік көшелерінің қиылысында жаңадан бой көтеріп жатқан «Оқушылардың шығармашылық үйінің» құрылыс нысанынан жұмысшы құлап кетіп, мерт болды.