Астанада құрылыс нысанында жоғарыдан құлаған арматура үш жұмысшыны жарақаттады, оның бірі мерт болды

АСТАНА. 7 сәуір. ҚазАқпарат - Астанада құрылыс нысанында жоғарыдан құлаған арматура үш жұмысшыны жарақаттады, оның бірі мерт болды.

Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, оқиға сәрсенбі күні түскі сағат 12 шамасында Қонаев көшесінде салынып жатқан «Изумрудный» тұрғын үй нысанында болды. Арматураның 23-ші қабаттан 3-ші қабатқа құлауының салдарынан «Базис» құрылыс компаниясының үш жұмысшысы жарақаттанды. Олардың бірі - 24 жастағы азамат алған жарақаттардан сол орында жантәсілім етсе, қалған екеуі ауруханаға жеткізілді.