Астанада құрылыс жұмыстары кезінде жұмысшы екінші қабаттан құлап кетті - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 3 қараша. ҚазАқпарат - Елорданың «Есіл» ауданында жұмысшының қатысуымен оқыс оқиға орын алды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Құрылыс жұмыстары кезінде 21 жастағы ер адам екінші қабаттан құлап, ауруханаға жеткізілді.