Астанада құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында 20 жастағы азамат биіктіктен құлап мерт болды

АСТАНА. Тамыздың 2-сі. ҚазАқпарат - Астанада құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында 20 жастағы азамат биіктіктен құлап мерт болды.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім етті.

Оқиға кеше, тамыздың 1-і күні 10 сағат 40 минутта Алматы ауданындағы Абылайхан көшесі мен Энергетиктер тұйық көшесінің қиылысында, жаңадан салынып жатқан болашақ балалар емханасында орын алды.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу барысында нысанның 5-ші қабатынан құлап кеткен «Фасад құрылыс» ЖШС-ның 1990 жылғы монтажшысы сол орында мерт болды.