деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қарашаның 20-на дейін созылатын аталмыш іс-шараға Ауғанстан, Әзірбайжан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түркия, Түрікменстан және Өзбекстанның өкілдері, сондай-ақ құс тұмауы мәселісі төңірегінде халықаралық сарапшылар және еліміздің облыстық деңгейдегі ветеринарлық мамандары қатысып отыр.
«Бүгінгі ұйымдастырылып отырған семинардың маңызы мен мәні зор. Қандай ауру болсын, оның алдын алған жөн. Құс тұмауы тарай бастағанда, ветеринарлардың дер кезінде қолға алған шараларының арқасында тұмаудың кең тарауына жол берілген жоқ. Сол індеттің алдын алу және онымен күресуді жоспарлау шаралары 4 күнге созылатын семинар аясында талқыланбақ», деді өз сөзінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешен мемлекеттік инспекциясы комитеті төрағасының орынбасары Ахметжан Сұлтанов.