Астанада күшті аяздың салдарынан мектептер мен колледждердің сабақтары тоқтатылды

АСТАНА. Қаңтардың 18-і. ҚазАқпарат - Елордада аяздың күрт күшеюіне байланысты мектептер мен колледждердің сабақтары тоқтатылды,

деп хабарлайды қалалық анықтама қызметі.

«Сабақтар қала мектептерінің 1-11 сынып оқушыларына, сонымен қатар колледждердің 1, 2 курс студенттеріне тоқтатылды», дейді қалалық анықтама қызметі. Қазіргі уақытта елордадағы орташа ауа температурасы 33 градус аяз болып тұр.