Астанада құтқарушылар Алаш тас жолындағы өртті сөндіріп жатыр

Фото: ТЖМ

АСТАНА. KAZINFORM –  Елордалық құтқарушылар қоқыстың жануын сөндіріп жатыр. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Астананың Байқоңыр ауданында Алаш тас жолы мекенжайында жинақталған қоқыс өртенген.

Фото: ТЖМ

— Өрт орнына өрт сөндірушілер дереу келіп, өртті сөндіруге кірісті. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр, — делінген хабарламада.

Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ

Осыған дейін Астанадағы «7 бочек» тұрғын үй кешенінен өрт шыққаны туралы жаздық.