Астанада құтқарушылар машиналардың газ баллондарын тексерді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық құтқарушылар автотұрақтарда рейд өткізіп, көлік иелеріне газ орнатылған машинаны басқарудағы қауіптерді атап көрсетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Астана ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Есіл аудандық төтенше жағдай басқармасының қызметкерлері жылытылатын тұрғын үй кешендері мен сауда орталықтарының автотұрақтарында рейд өткізіп, көлік иелеріне газ орнатылған машинаны басқарудағы қауіптер жайлы айтты», - белінген хабарламада.

Астаналықтарға қыста автомобильдегі өрт қауіпсіздігі және өрт сөндіру құралдарын пайдалану ережелері түсіндірілді.

Сондай-ақ, төтенше жағдайлар қызметкерлері автомобильдердегі газ баллондарын тексеріп, тұрғындарға қондырғыдан газдың шығуына жол бермеу қажеттігі айтылды.