«Тараздың 33 жастағы тұрғыны ұсталды, ол Ақмола облысының 20 жастағы тұрғынын сексуалдық құлдыққа сату үшін алдап, Астанаға алып келген», - делінген хабарламада.
Жәбірленушінің ақпаратына сәйкес ұсталған жігіт оған үйленемін, анаммен таныстырамын деп уәде берген. Осы желеумен қызды Астанаға шақырып, 50 мың теңге сыйлық алып, оны А-ға сексуалдық құлдыққа сатқан.
Жәбірленуші күдіктімен Алматыда танысқан. ҚР ҚК 128-бабы бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. Ол айғақты дәлел берді. Д-ның басқа осындай қылмысқа қатыстылығының бар-жоғы тексерілуде. Ұсталған адамға қатысты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы қабылданды.