Бұл туралы журналистермен болған баспасөз мәслихатында Ішкі істер департаментінің Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Хасан Чунчалинов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, соңғы жеті ай көлемінде Астанада кісі өлімі мен дене жарақатын салу, адам зорлау мен қарақшылық, бопсалау мен тонау, ұрлық сияқты қылмыс түрлері азайған. Бұл бағытта атқарылған жүйелі жұмыстардың нәтижесінде кісі өлтіру, дене жарақаттарын салу, ұрлық пен тонау сияқты ауыр деген қылмыстардың ашылу деңгейі артқан. «Кешенді түрде жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 4 тұрақты ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді. Олар қалада қарақшылық шабуылдар жасап, тонау әрекеттерімен айналысып жүрген. Тәртіп сақшылары олардың қаладағы 17 қылмыстық әрекетке қатыстылығын дәлелдеді», деді басқарма бастығының орынбасары.