Аталмыш шараның мақсат-міндеттері жөнінде Астана қалалық Ішкі істер департаментінде өткен баспасөз мәслихатында аталмыш департаменттің Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің бастығы Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, шара қаладағы қылмыстық жазадан қашып
жүрген азаматтарды анықтау мен елорда тыныштығын нығайтуға бағытталған. Ал қыркүйектің 14-і мен 19-ы аралығында «Тұрмыс» атты жедел сауықтыру шарасы ұйымдастырылады. Оның мақсаты қаладағы отбасылық - тұрмыстық жағдайда болатын қылмыстар мен жанжалдардың алдын алу болып табылады.