Астанада қыс суық әрі ұзақ болады деп болжануда

АСТАНА. ҚазАқпрат - Биыл Астанада қыс қатты болады деп күтілуде. Қазан айының қара суығынан кейін қараша айының алғашқы екі аптасында күн жауын-шашынды болып, жылылық сақталады. Алайда, қарашаның үшінші онкүндігінде аяз күшіне енеді. Синоптиктердің болжамынша, түнде ауа температурасы - 26° төмендесе, күндіз - 20° дейін суытады.

Астана қаласы «Қазгидромет» РМК Ауа райын ұзақ мерзімге болжау басқармасының басшысы Гүлмира Ардашқызы: «Желтоқсан айы суық болады деп болжануда. Бұл кезде ауа температурасы түнде - 25 ° - 30 °, күндіз - 20 ° - 25 ° төңірегінде болады. Ұзақ мерзімді болжам бойынша Жаңа жылды ұшқынды қармен және аязды күндермен қарсы алуымыз әбден мүмкін», - дейді.

Ал, қаңтар айында қыс қаһарына мінеді. Бұл кезде ауаның сынап бағынасы - 43° жетеді. Күндіз - 25° - 30° аяз сақталады.

Сондай-ақ, Гүлмира Ардашқызы: Қатыгез қыс біздің климатымыз үшін үйреншікті. Ешқандай ауытқусыз деуге болады. 2012 жылы желтоқсан айының 15-де қақаған аяз - 40 °-қа жеткен болатын. Дәл осы 15 желтоқсанда ең төменгі минимум -44 ° жетті. Біз осындай қақаған аязды күтіп отырмыз», деп пікір бөлісті.

Ал, көктемде құбылмалы ауа райы сақталып, суық күндер көктемнің жайма шуақ күндерімен алмасады.