«Астанада қызылшамен ауру деңгейі 2 есеге азайып, қазіргі кезде 500 жағдай тіркелді. Ал өткен аптаның қорытындысында, аталған ауруға шалдығу деңгейінің еліміз бойынша азайғанын байқаймыз. Тоқталып өтсек, Алматыда санаулы ғана жағдай орын алды және еліміздің 11 өңірінде күнделікті қызылша ауруы тіркелмеді», - деді Жандарбек Бекшин.
Оның айтуынша, қызылшаның алғашқы белгілері - ол әлсіздік, бас және тамақтың ауруы және мұрыннан су ағу. Сонымен қатар, аталған аурудың тағы бір симптомы - бөртпе шығады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай елдегі қызылша жұқтырғандардың басым бөлігі уақытында екпе алмаған азаматтар және екпе жасатуға жасы жетпеген балалар.