Оның сөзіне қарағанда, Қазақстан халықаралық ұйымға төраға ретінде қауіпсіздік мәселесіне үлкен мән беріп отыр. Сонымен қатар еліміз әлемдегі шиеленіскен аймақтардағы жағдайларды реттеуге де барынша күш салып отыр. «Осы орайда біз бүгін өзара пікір алмасып, құнды ұсыныстарды тыңдап тәжірибе алмастық. Енді бүгінгі жиында көтерілген мәселелердің барлығы қазанның 18-і мен 26-сы аралығында Венада өтетін әскери-саяси өлшемдер жөніндегі конференция барысында пысықталатын болады. Сонымен бірге ол елімізде өткізілгелі отырған ЕҚЫҰ-ның саммитінде де тиісті шешімдер қабылдауда ескерілетін болады», - деді департамент директоры.
19:45, 15 Қазан 2010
Астанада лаңкестікпен күреске бағытталған конференция өз жұмысын қорытындылады
АСТАНА. Қазанның 15-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін елордада өтіп жатқан лаңкестікке қарсы күрес мәселесіне арналған конференция барысында лаңкестіктің алдын алуға бағытталған Астана декларациясы жария етілді. Бұл туралы лаңкестікпен күреске бағытталған конференциядан соң журналистерге сұхбат берген Сыртқы істер министрлігінің Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы департаментінің директоры Сержан Әбдікәрімов мәлім етті.