Астанада «Левитация сабақтары» атты көркем сурет көрмесі өтеді
Көрмеге қойылатын 25 картинаның басым бөлігінде библия кейіпкерлері - періштелер, апостолдар, бақсылар мен жиһангерлер бейнеленген. Елена мен Владимир Григорьян Алматыда тұрады. Олар шығармашылықты оқыту қызметімен қатар алып жүр. Суретшілердің шығармалары Австралия, Англия, АҚШ, Венгрия, Израиль, Индонезия, Ресей, Қазақстан елдерінде жеке коллекцияларға енген. Сонымен қатар, Кречен галереясы, Көркем сурет көрмелерінің дирекциясы (Алматы), Невзоровтар әулетінің бейнелеу өнері мұражайы (Семей), Маңғыстау өлкетану мұражайы, «Тәңірі Ұмай» қазіргі заманғы өнер галереясының (Алматы) мұражай жинақтарында да бар.
Тақырыптар бойынша Елена мен Владимирдің өзіндік түсініктері, ерекшеліктері қалыптасқан. Сондай-ақ, оларды біріктіретін де қасиет бар.
Айта кетейік, көрме «Хас Санат» өнер галереясында 21 қазан - 14 қараша аралығында өтеді.