«26 наурызда орын алған апат фактісі бойынша полицейлер тексеру жүргізуде. Lexus көлігінің 1997 жылы туған жүргізушісі қарсы жолға шығып кетіп, №51 автобуспен соқтығысты», - деді ол.
Оның айтуынша, апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, ешкім медициналық көмекке жүгінбеді.
«Автобустың ішінде жолаушы болмаған, ол енді ғана маршрутқа шықпақшы болған», - деп түсіндірді ол.