15 маусым сағат 9:24-те елордалық ТЖД құтқарушылары Б.Момышұлы 1/1 мекенжайына шықты.
«Құтқарушылардың келіп жетуі бойынша мектептің лифт шахтасына мұғалімнің түсіп кеткені анықталды. Мамандар көмегімен 1986 жылы туған әйел лифт шахтасынан құтқарылып, ары қарай қала ауруханалардың біріне жеткізілді», - деп жазылған қалалық ТЖ департаментінің ресми хабарында.
Белгілі болғандай, мұғалімнің жағдайы орта деңгейде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.