«Полицияға Қажымұқан көшесіндегі ломбард ғимаратына белгісіз адам қарақшылық шабуылын ұйымдастырғаны, пышаққа ұқсас затпен қорқытып күш қолдану арқылы сейфтен ақша алып кеткені туралы хабар келіп түсті», - делінген хабарламада.
Тергеп-тексеру және жедел іздестіру шаралары кезінде ломбард қызметкері (сарапшы-бағалаушы) шабуылды ойдан шығарған болып шықты. Әйел өз айыбын мойындады.
Осы факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 189-ші («Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу») және 419-бабымен («Көрiнеу жалған сөз жеткiзу») тіркелді.