Астанада ломбардқа шабуыл жасаған адамды екі айға тұтқындады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада ломбардқа шабуыл жасаған адамды екі айға тұтқындады, деп хабарлады елордалық соттың баспасөз қызметі.

Астананың Алматы ауданының №2 соты ҚР ҚК 192-бабының 4 тармағымен, 261-бабының 2  бөлігі, 8, 9 тармақтарымен қылмыстық құқық бұзушылық жасауға күдікті С.-ға қатысты күзетте 2 ай мерзімге  ұстау түрінде бұлтартпау шарасына санкция берді», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 2016 жылғы 14 тамызда ер адам «МК Ломбард» филиалдарының біріне баса-көктеп кірген. Пневматикалық газбаллонды тапаншаны және медициналық бетперде қолдану арқылы ол ломбард қызметкерлеріне шабуыл жасады.

Алайда шабуыл жасап, есікті сындырып кіріп, күзет фирмасының және құқық қорғау органдары қызметкерлері кепілге алынғандарды босатты.