Осы оқиғаға байланысты City Transportation Systems компаниясы пікір білдірді.
«21 қазан күні сағат 17:00-де Сығанақ көшесінің бойында құрылыс жүріп жатқан кезде бұрғылау станциясы оң жақтағы шынжыр табанымен асфальттың бос жеріне түсіп кетті. Сол маңда рұқсат етілмеген жерде «Hyundai» көлігі тұрған. Көліктің салонында ешкім болмаған. Бұрғылау станциясының құрылғысы сол көлікке құлады»,-деп мәлімдеді CTS компаниясының өкілдері.
Оқиға болған аймақ қоршалды. Қазіргі таңда оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер жоқ.