Астанада LRT қашан іске қосылатыны белгілі болды

АСТАНА. KAZINFORM – Елордадағы LRT 16-17 мамыр күндері іске қосылып, жолаушылар тасымалын бастайды. Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев мәлімдеді

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

– Бастапқы кезеңде жолаушылар ағыны 25-45 мың адам шамасында болады деп болжап отырмыз, – деді Асылбек Дүйсебаев.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Сондай-ақ ол станцияларда коммерциялық нысандар орналастыру қарастырылмағанын айтты. Оның сөзінше, бұл шешім технологиялық және өрт қауіпсіздігі талаптарына байланысты қабылданған.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Айта кетейік, бұған дейін Астана әкімі Жеңіс Қасымбек LRT желісіндегі сынақ жұмыстары аяқталып, жүйе пайдалануға дайын екенін хабарлаған еді.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform