Қытайлық China construction компаниясы шетелдік бизнес департаментінің бас менеджері Хан Юлонның айтуынша, компания «мөлдір су мен жасыл тау – құнды байлық» жасыл құрылыс концепциясын негізге ала отырып, қоршаған ортаны қорғауға басты мән береді.
- Пойыз тұрғын үйлер және әлеуметтік нысандарға жақын аймақтардан өткен кезде шулы дыбысты тиімді азайту үшін «амортизациялық жол төсемі дыбыс тосқауылы» технологиясын қолданып, пойыздың шуын 35 децибелден төмен түсіру ойластырылған, - деді Хан Юлон.
Айта кетейік, бұған дейін Астанадағы жеңіл рельсті көлік жүйесінің (Astana LRT жобасы) жерүсті негізгі құрылыс жұмыстары қашан аяқталатынын жазған едік.