Астанада LRT жолдарындағы электр кабелі жанды

АСТАНА. KAZINFORM — Астана қаласының Есіл ауданындағы Сығанақ көшесінде LRT жолдарындағы электр кабельдері жанды.

Фото: видеодан алынған скрин

LRT мамандары электр желісін кернеуден ажыратқаннан кейін, ТЖМ қызметкерлері Vario Carbon автономды ранцтық өрт сөндіргішінің көмегімен өртті сөндірді. 

Айта кетелік Астанадағы LRT-ге ресми түрде Tarlan Astana атауы берілген еді