Астанада М.Бәйтеновтың дербес көрмесі ашылды

; АСТАНА. Қарашаның 13-і. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Бүгін елорданың Қазіргі заман өнер мұражайында ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, кескіндемеші және график Мәжит Бәйтеновтың дербес мерейтойлық көрмесі ашылды,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көрмеге М.Бәйтеновтың 40-қа жуық еңбегі қойылған. Бұл оның 1975-2009 жылдары салған туындылары. М.Бәйтенов 1973 жылы алғашқы рет елімізде ірі кескіндемелік туындыларында халықтық декоративті-қолданбалы өнерінің тәсілдерін пайдаланды. Кейінгі жылдары бұл принцип Қазақстан бейнелеу өнерінде кеңінен пайдаланыла бастады. Оның шығармалары баспа беттерінде, арнайы көркем басылымдарда жарияланған.

М.Бәйтенов шығармалары Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік бейнелеу өнері мұражайында, Алматы қаласының Ж.Шарденов атындағы өнер мұражайында, Қарағанды, Павлодар облыстық бейнелеу өнері мұражайларында, Қазақстан, Ресей, Германия, АҚШ-та және тағы басқа елдердегі   жеке коллекцияларда сақталуда.