Астанада М.Фриштің шығармасы бойынша қойылған «Дон Жуанның думаны» спектаклінің премьерасы болады

АСТАНА. 14 наурыз. ҚазАқпарат - Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрында Макс Фриштің шығармасы бойынша қойылған «Дон Жуанның думаны» спектаклінің премьерасы болады.

Қоюшы режиссері - қазақ өнерінің тарланы, КСРО және ҚР халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтардың иегері, актер, режиссер - Асанәлі Әшімов. Шығарманы қазақ тіліне аударған халық жазушысы Әбіш Кекілбаев.

Премьераға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев арнайы шақырылып отыр.

Қойылым наурыздың 19-20-сы күндері сағат 18.30-да болады.