Астанада М. Өзтүрiктiң 60 жылдығына арналған таэквандодан Қазақстан чемпионаты басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы «Дәулет» спорт кешенiнде М. Өзтүрiктiң 60 жылдығына арналған жасөспiрiмдер мен ересектер арасында таэквандодан Қазақстан чемпионаты басталды.

Бiрiншiлiкке Қазақстанның барлық өңiрлерiнен және Астана, Алматы қалаларынан 260 спортшы келдi. Таэквандо федерациясының хабарлауынша, жеңiмпаздар елiмiздiң негiзгi құрамасына алынады және келесi жылы Челябiде өтетiн әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғамақ.

«Биылғы турнирлiк бағдарламаны Қазақстан чемпионатымен тәмамдап отырмыз. Менiңше осы бiрiншiлiк жылдың тамаша нүктесi болмақ», - дедi Қазақстанның таэквандо федерациясының президентi Вячеслав Ким турнирдiң ашылуында.