Оның айтуынша, аталмыш қор ұлттық қауымдастықтар арқылы жергiлiктi талантты балаларды жаттықтыруға бағытталмақ.
"Алдыңғы күнi УЕФА-ның Атқарушы комитетi аталған қорды құру туралы құжатқа қол қойды. Ендi бiз игi iс жасап жатқанын түсiнетiн адамдармен бiрге бұл жобаны үлкен ынтамен атқаратын боламыз", - дедi ол конгресс қатысушыларының алдында.
Платинидiң сөзiне қарағанда, қор Еуропада және барлық әлем елдерiндегi мұқтаж балаларды қаржыландыру бағдарламаларына бағытталады.
"Әрбiр ұлттық қауымдастық арқылы өз елдерiнде бiр немесе бiрнеше балалар қорларын түгелiмен немесе жартылай қаржыландыру тетiктерi жасалады", - дедi ол.