деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шоу-бағдарлама Қазақстан халқы тілдерінің ХІ республикалық фестивалі аясында және ҚР-ында «Тіл туралы» Заңның қабылданғанына 20 жыл толуына орай дайындалды және оның басты мақсаты - мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін жетілдіру, жастардың мемлекеттік тілге деген патриоттық сезімдерін ояту.
Жоба «сөздің» құдіреті мен маңызын барынша ашып көрсетуге бағытталған және оның негізгі аудиториясы жастар болғандықтан, бағдарлама қабылдауға тартымды болу үшін әртүрлі жарықтандыру мен музыкалардың сүйемелдеуімен өтті. Оның барысында қазақ тілінің қалыптасуына еңбек сіңірген Йоллық-Тегін мен Махмұд Қашқариден бастап, оның жоғалып кетпей, барынша байи түсуіне ықпал еткен Жүсіп Баласағұнның, Қожа-Ахмет Ясауидің, Шалкиіз бен Бұхар жыраулардың, сондай-ақ Абай Құнанбайұлының өсиетті сөздері келтірілді.
Сондай-ақ бағдарламада қазақ эстрадасының әншілері Рамазан Стамғазиев, Қарақат Әбілдина, Ақан Әбдуәлі, Құрманбек Мағауияұлы, «Қоңыр» тобы мен би ұжымдары өнерлерін көрсетті.
«Жер бетіндегі халықтардың әртүрлі діні мен наным-сеніміне қарамастан, барлығына ортақ та, құдіреттісі - ол сөз. Сөз болмаса біз 18 мың ғаламның бар-жоғын, күн мен түнді, жақсы мен жаманды, табиғаттың құпияларын, тіпті адамзат ашпаған жаңалықтардың барлығын немен таңбалап, немен таныр едік. Сондықтан, өнердің ішінде ең құдіреттісі де, қасиеттісі - сөз өнері», - деді министр.
Өз кезегінде жобаның продюсері «Жәдігер» қоғамдық қорының директоры Базарбек Атығай: «Нұрлы сөз» транслингистикалық шоу-бағдарламасы қазақ тілін үйренуге, оны күнделікті өмірде қолдануға үндеулерді құр сөзбен емес, жастарға тартымды етіп, басқа түрде жеткізеді. Алдағы уақытта шоу-бағдарламаны үлкен фестиваль ретінде өткізуді жоспарлап отырмыз», - деді.