Астанада Махатма Гандидің туған күні атап өтілді

АСТАНА.  Қазанның   2-сі.  ҚазАқпарат /Зарина Нокрабекова/ -  Астанада     Махатма Гандидің  туған  күні атап өтілді.

 Ұлттық академиялық  кітапханада  жұма күні    Махатма Гандидің  туған  күніне  және Халықаралық   зорлық-зомбылықсыз  күнді атап өтуге арналған       салтанатты шара өтті.

«Биыл   зорлық-зомбылықсыз  күресті  насихаттаушы  ұлы философ  Махатма Гандидің  туғанына 140 жыл   болады.   Ол   өз ілімінің  күшімен      ел халқын  жұмылдыра алды»,  -деп атап көрсетті   Үндістанның Қазақстандағы  Елшісі  Ашок  Саджанхар   өз сөзінде.

«Үндістан  Елшілігімен    ынтымақтастық орнатып,  табысты  жұмыс істеп келе жатқанымызға біраз   уақыт  болды. Осының арқасында    бізде    хинди тілін үйрену  сабақтары, йога сабақтары  өтуде,  ал  кітапхана қоры        эксклюзивті басылымдармен    толығуда»,  деп  атап көрсетті  өз сөзінде  Ұлттық  академиялық  кітапхананың  бас директорының  орынбасары  Әлия Сәрсембинова.

Бүгінгі  шараны Үндістан  Елшілігі   Ұлттық академиялық   кітапханамен  бірлесіп   ұйымдастырып  отыр.

Біріккен  Ұлттар  ұйымы Махатма Гандидің  туған   күнін   - қазанның -2-сін -   Зорлық-зомбылықсыз  күн деп  жариялаған.