Аталған мекеме мемлекеттік коммуналдық мекеме ретінде қызмет атқарады және 100 орынға есептелген. Мекемеде 138 медициналық қызметкер еңбек етеді.
Жиналыста денсаулық сақтау басқармасының жауапты қызметкерлерінің есепті баяндамасы тыңдалды. Жиын соңында әкім балалар үйінің ашық және тиімді түрде қызмет етуін қадағалайтын қоғам қайраткерлері, депутаттар және белсенділерінің қатысуымен қамқорлық кеңесін құруды бұйырды.
Сонымен қатар, денсаулық сақтау жүйесінде 30 жылдық жұмыс өтілі бар Кенжебаева Сәуле Кенжетайқызы балалар үйіне жаңа басшы болып тағайындалды. Ол әр жылдары балалар дәрігері және денсаулық сақтау ұйымдарында бас дәрігердің орынбасары болып еңбек еткен.