Ведомство қызметкерлерінің айтуынша, зияткерлік меншік жөніндегі дүниежүзілік ұйымның құрылу күніне орай ұйымдастырылып отырған шараның басты мақсаты - ҚР «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» және ҚР «Қызмет көрсету мен тауарлық белгілер туралы» Заңдарын түсіндіру. Сұрақтар бойынша мына мекенжайға хабарласуға болады: Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 15, 401 каб. тел.: 32-17-87.
11:39, 08 Шілде 2014
Астанада мамандар зияткерлік меншік құқығы бойынша кеңес береді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласы Әділет департаментінің Зияткерлік меншік құқығы бөлімі «Ашық есік күнін» бастады. Шара 18 шілдеге дейін жалғасады, деп хабарлады astana.kz.