Астана қаласы Мәденит басқармасының хабарлауынша, 10 сәуір мен 10 мамыр аралығында елордамызда түрлі мәдени бағдарламалар ұйымдастырылады, астаналықтар мен қала қонақтары концерттер, көрмелер мен театр қойылымдарына бара алады. Мерекелерге орай Астанада патриоттық акциялар, ескерткіштерге гүл шоқтарын қою рәсімдері, халықтық серуендер де кеңінен өткізіледі. Жалпы, қалада түрлі деңгейдегі 200-ден астам шара, соның ішінде 35 ірі мәдени шара өтпек. Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өту аясында елордада «Бәйтерек» монументі, «Студенттік», «Ғашықтар» саябақтарында, қалалық әкімдік алдындағы алаңда, Есіл өзенінің жағалауында және «Жастар» сарайының алдында халықтық серуендер ұйымдастырылады. Аймақтық этномәдени бірлестіктер де өздерінің шығармашылық өнерлерін ортаға салады. 1 мамыр күні концерттік бағдарлама сағат 11:00-23:00 аралығында өтіп, отшашумен аяқталады. Атап айтқанда, түнгі отшашу Есіл өзенінің жағалауында, «Хан Шатыр» СОО аумағында, «Арман» дүкенінің маңындағы «Жас батыр» стадионында, «Music hall» мейрамханасының жанында және Абылай хан даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысындағы гүлзарда ұйымдастырылады.
15:24, 21 Сәуір 2015
Астанада мамыр мерекелеріне орай 200-ден астам шара өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі таңда елордада Қазақстан халқының бірлігі күніне, Отан қорғаушылар күніне, сонымен қатар Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай өткізілетін мерекелік шараларға дайындықтар жүргізілуде, деп хабарлайды astana.kz.