«Ауа райының қолайсыздығына байланысты Мәңгілік ел даңғылындағы жөндеу жұмыстарының мерзімі ұзарды. Барлық жұмыстарды 20 тамызға дейін аяқтау жоспарлануда. Бүгінгі таңда тек Мәңгілік ел даңғылының Керей-Жәнібек хандар көшесінен Бұқар Жырау көшесіне дейінгі бөлігі ғана жабылды», - делінген құзырлы орган жауабында.
Басқарма дерегінше, қазан айының ортасына дейін елордадағы 131 көшені жөндеу жоспарланған. Қазіргі таңда оның 46-сында жұмыстар аяқталды.
«Жолдарды орташа жөндеу ауа райын ескере отырып жүргізіліп жатыр. Бұл бағыттағы барлық жұмыстар қазан айының ортасына жақын аяқталады», - деп мәлім етті Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасынан.
Еске сала кетсек, бұған дейін бас шаһарда қандай көшелердің уақытша жабылғанын хабарлаған болатынбыз.