Астанада Мәңгілік ел–Сарайшық қиылысындағы жол бөлігі жөндеуге жабылады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Астана қаласында Мәңгілік ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысындағы жол айырығынан М1 көпіріне түсетін жолдың оң жақ бөлігіне жөндеу басталды. ҚазАқпарат бұл туралы «109» қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мәлім етілгендей, жол төсеміне орта жөндеу жүргізіледі. Осыған байланысты 16-31 тамыз аралығында көрсетілген учаскеде көлік құралдары үшін қозғалысқа толығымен тыйым салынады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтарынан кептеліс жағдайларын болдырмау үшін өз маршрутын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», - делінген ақпаратта.