Қаланың Ішкі саясат департаментінің мәліметінше, Астанада Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің портреттері бар дәстүрлі шеруді өткізу жоспарланбаған. Биыл «Батырларға тағзым» шеруі онлайн режимінде жалғасады.
Астана әкімдігінің баспасөз қызметі сонымен қатар 7 мамырда Отан қорғаушылар күніне орай Қазақ елі алаңында парадтық концерт өтетінін айтты. Іс-шараға әскери оркестрлер мен мемлекеттік органдардың парадтық бөлімшелерінің қатысуымен мерекелік бағдарлама кіреді. Сондай-ақ бөлімшелердің салтанатты жаттығулары мен көрсетілімдері болады.
Іс-шара сағат 11:00-де басталады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстанда 1, 7 және 9 мамыр күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚО) жұмыс істемейді.