Осыған байланысты аталған аумақта қозғалыс ішінара шектеледі.
Ведомство қала тұрғындары мен қонақтарынан маршруттарын алдын ала жоспарлап, қозғалысты ұйымдастырудағы өзгерістерді ескеруді сұрайды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, жол қозғалысын жоспарлау кезінде енгізілген өзгерістерді ескеруге кеңес беріледі.
Айта кетейік, Түркістандағы республикалық маңызы бар тасжолдағы көпір күзге дейін жабылды.