Алынған ақшалай қаражатты өз қалауы бойынша пайдаланған. Қылмыстық әрекеттер салдарынан бес жәбірленушіге жалпы сомасы 15,6 млн теңге материалдық залал келтірілген.
Сот үкімімен әйел алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, бұрынғы соттылығы ескеріле отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. Жәбірленушілердің азаматтық талап арыздары қанағаттандырылды.
Қала прокуратурасы жоғары табысқа кепілдік беру, бизнесті «дамыту» немесе әлеуметтік желілер арқылы инвестициялау үшін ақша беруді ұсыну алаяқтық мақсатта пайдаланылуы мүмкін екенін ескертті.
Ақша алушының жеке басын, оның қызметінің заңдылығын тексермей және міндеттемелерді тиісті түрде құжатпен ресімдемей, ірі көлемдегі қаражатты аудармаңыз және бермеңіз.
Айта кетейік, Asar Baspana қаржы пирамидасының ісі бойынша 17 адам сотталды.