«19 шілдеде Қонаев даңғылы бойында орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша Астана қаласы ІІД әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлерімен анықтау жұмыстары жүргізіліп, осының аясында тиісті сараптамалар тағайындалуда», делінген хабарламада.
Дәрігерлердің көмегіне түрлі дене жарақаттарымен 20 шақты адам жүгінген, төрт адам, оның ішінде жүргізуші де медициналық мекемелерге жатқызылған. Еске сала кетейік, 19 шілде күні елордада №10 маршруттық автобусы Медиаорталықтың қарсы бетінде орналасқан автобус аялдамасына шығып кеткен, содан кейін 100-150 метрдей жүріп, тротуарға шыққанда көше декорациясына соғылған.