Айта кетерлігі, әлеуметтік желіге «Орбита» дүкені маңында мас полиция қызметкерінің жол-көлік апатын жасағаны туралы видео тараған болатын.
«Жол-көлік апатын жасағаны үшін оның үстінен 608-бапқа (мас күйде автокөлікті басқару) сәйкес әкімшілік материал толтырылды. Сонымен қатар, бөлімше басшысы да тәртіптік жазаға тартылды», - делінген Астана қалалық полиция департаменті таратқан ақпаратта.
Сонымен қатар, департаменттегілер жол-патруль полиция полкінің қызметкері теріс қылықтары үшін жұмыстан шығарылғандығын атап өткен.