Полиция қызметкерлері тоқтау талабын қойған сәтте ер адам бағынбай, оқиға орнынан бой тасалауға тырысқан. Қашу барысында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, айналадағы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген.
- Қылмыстық әрекет патрульдік автокөлікке соқтығысумен аяқталды. Бұзақы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан және өмір бойы көлік басқару құқығынан айырылды. Келтірілген материалдық шығын сотталушы тарапынан толық өтелген, - деп жазды прокуратурадан.
Астана қаласының прокуратурасы көлік жүргізу құқығынан айырылған адамның алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық мас күйінде көлік басқаруы, сондай-ақ мұндай адамға көлік құралын басқаруға мүмкіндік беру – ҚР заңнамасына сәйкес, өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айыра отырып, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына әкелетінін ескертеді.
Айта кетейік, биыл көлік полицейлері 20 миллион жолаушының қауіпсіздігін қамтамасыз етті.