Астанада масамен күрес жұмыстары қалай жүргізіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жаз маусымы басталғалы масаға қарсы дезинсекциялық жұмыстар белсенді жүргізілгенімен, елорда тұрғындарының шағымы азаяр емес. Осы орайда Есіл және Сарыарқа аудандарының әкімдіктері масамен күрес жұмыстары жөнінде баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Есілауданының деректеріне сәйкес, күн сайын масаға қарсы шаралар жүргізілетінаумақтардың кестесі жасалады. Жалпы улау шаралары ауданда алты кезең бойыншажүргізіледі.

«Бастапқыкезең биыл 28 сәуір мен 15 мамыр аралығында өтті. Екінші кезең 28 мамырдан 19маусымға дейін, ал үшіншісі – 20 маусымнан 16 шілдеге дейін жүргізілген.Төртінші кезең 17 шілдеде басталды және 16 тамызға дейін жалғасады. Улаужұмыстары «Есіл ауданының» барлық аумағында түнгі сағат 23:00-5:00 аралығындаөтеді. Онда термогенераторлар мен роторлық бүріккіштер қолданылады», - делінгенәкімдік хабарламасында.

Осылайша,күн сайын 2 энтомолог, моторлық-роторлық бүріккіші бар 22-28 дезинсектор, 4арнайы техника, 2 газель, 1 жолаушылар автобусы және термогенераторлыққұрылғылар жұмыс істейді. Техникалық сипаттамаға сәйкес, ай сайын шамамен 900гектар, таяз су қоймалары бойынша – 210 га аумақта жұмыс жүргізілуі тиіс.

«Біркезең шамамен 16-20 күнге созылады. Улау шараларын жүргізуде ауа райы жағдайыда ескеріледі. Жаңбыр, жел болғанда бұл жұмыс тоқтатылады, себебідезинсекциялық жұмыстың тиімдігіне кері ықпал етеді. Жаңбыр препаратты шайыпкетуі мүмкін», - дейді әкімдік.

Қолайсызауа райы жағдайына байланысты Есіл ауданында 28-29 шілде күндері дезинсекцияжұмыстары жүргізілмеген.

Өзкезегінде Сарыарқа ауданының әкімдігі масаға қарсы шараларды жүргізуде ауданды12 секторға бөлгенін айтты. Олардыңарасында Көктал 1, Көктал 2, Агроқалашық пен Қарттар үйінің аумағы да бар.

«2019жылдың 17 шілдесінен бері масадан қорғау жұмыстарының төртінші кезеңі басталды.Есіл өзенінің бойымен «Рамстор» сауда орталығынан батысқа қарай, Республикадаңғылы бойынша «Рамстор» сауда орталығынан Бөгенбай батыр даңғылына қарай,Бөгенбай батыр даңғылы бойынша Республика даңғылынан темір жолға дейінгі аумаққамтылды. Жеңіс, Бөгенбай, Республика даңғылдарында, Есіл өзенінің жағалауындаулау жұмыстары жүргізілді», - деп хабарлады Сарыарқа ауданының әкімдігі.

Әкімдіктіңмәлімдеуінше, қазіргі уақытта 1967,4 гектар жерді улау жоспарланған және оның460 гектарында жұмыс жүргізілген.