Астанада мәслихат депутаттарын сайлау күні қоғамдық көлік тегін қатынайды

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін, мәслихат депутаттарын сайлау күні Tarlan Astana жеңіл рельсті көлігінде, сондай-ақ қалалық, экспресс және қала маңындағы автобус бағыттарында жол жүру тегін.

Фото: Астана әкімдігі

Елорда тұрғындары мен қонақтары қоғамдық көлікті ақысыз пайдалана алады. Бұл шара азаматтардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасау және сайлау учаскелеріне жылдам жетуіне мүмкіндік беру үшін қабылданды.

Қоғамдық көлік белгіленген кестеге сәйкес, сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін әдеттегі режимде жұмыс істейді.

30 қарашадан бастап қоғамдық көлік қалыпты режимде қатынайды. Жолаушылар жол жүру уақытын жоспарлау кезінде осы жайтты ескерген жөн.

Айта кетелік елімізде бүгін мәслихат сайлауы басталды.