Мерекеге діндар жамағатпен бірге қала мешіттерінің діни өкілдері, Дін істері департаментінің, Астана қаласы ішкі саясат басқармасының, Қазақстан халқы Ассамблеясының және елорданың этномәдени орталықтарының өкілдері шақырылып отыр.
Мәуліт мұсылмандардың топтасу және бірігуі күні. Мәуліт - Мұхаммед пайғамбардың туған күні, сондықтан да шара барысында оның адамгершіл хадистерін уағыздауға, жоғары адамгершіл өмір жолын зерделеуге, дәстүрлі исламды оқып-үйренуге баса назар аударылады.