Астанада Mega Silk Way орталығының жұмыс кестесі уақытша өзгереді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада MEGA Silk Way сауда, ойын-сауық орталығының ашылуына орай жұмыс кестесі уақытша өзгереді.

«22 наурызда орталық сағат 21:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Қазіргі кезде орталық әкімшілігі 23 наурызда сағат 18:00-де өтетін салтанатты ашылуға дайындық үстінде. Шара барысында елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына артистердің, акробаттардың, каскадерлардың қатысуымен мерекелік бағдарлама ұсынылады», - деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты .

Ұлы Жібек жолының сауда «көшелерімен» импровизацияланған театрландырылған шеру жүріп өтеді, HASSAK этно-фольклорлық ансамбль өз өнерін ортаға салады. Сонымен қатар, қолөнершілер мен суретшілердің шығармашылық алаңы ашылады, MEGA Silk Way орталығына келушілер шеберлік сыныптарына қатыса алады.

Еске салайық, 6 наурызда MEGA Silk Way СОСО техникалық ашылуы өткен болатын.