Бұл туралы ҚР БҒМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.
Шахмат турниріне еліміздің барлық аймақтарынан 140-тан астам жас шахматшылар мен Челябі облысының Сатка қаласының «Вертикаль» шахмат клубы қатысады.
Командалар жас ерекшелігіне қарай 9 жасқа дейінгілер, 13 жасқа дейінгілер және 17 жасқа дейінгі үш топта өз қатысушыларын ұсынады. Турнир швейцарлық жүйе бойынша 9 турда өтеді. Төрешілер алқасы әр жастағы топтың ер балалар мен қыз балаларының арасында жекелей есепте жеңімпаздарды анықтайды. Сонымен қатар команданың барлық қатысушыларының жинаған ұпай сандарының жалпы есебі бойынша ең үздік шахматшылар командасын анықтайды.
Сонымен қатар турнирге қатысушыларға арнайы мәдени-танымдық бағдарламалар ұсынылады.
Турнир жеңімпаздарын медальдар мен «Дарын» РҒПО дипломдармен марапаттау 9 қараша күні жабылу рәсімінде № 60 мектеп -лицейінде өтеді.