Астанада мектеп жабдықтары ең төмен бағамен сатылады

АЛМАТЫ. 27 тамыз. ҚазАқпарат - Астанада 30 тамызда «Мектепке жол» акциясы аясында 40-тан астам кәсіпкердің қатысуымен мектеп жәрмеңкесі өтеді.

Іс-шараны ұйымдастырған Кәсіпкерлік және Балалардың құқықтарын қорғау басқармаларының хабарлауынша, тауарлар нарықтық бағадан төмен бағамен сатылып, барынша төмендетіледі.

«Мектеп жабдықтарына 10-25% және балалардың мектепке киетін киім-кешектеріне 10-50% жеңілдік жасалады. Кейбір тауарлар өндірушінің бағасымен сатылады», - деп хабарлады astana.kz сайтына қалалық кәсіпкерлік басқармасынан.

Айта кетейік, жәрмеңкеге Астана және Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларының кәсіпкерлері қатысады.

«Жәрмеңкеде мектеп формасы, аяқ киім, кеңсе тауарлары, рюкзактар, оқулықтар мен басқа де мектеп жабдықтары сатылады. Астана тұрғындары үшін бұл баланы мектепке әзірлеудің жақсы мүмкіндігі», - делінген кәсіпкерлік басқармасының ақпаратында.

Алаңда қала тұрғындары үшін концерт ұйымдастырылып, қоғамдық тамақтану орындары ашылады. Сондай-ақ, халыққа заң бойынша кеңестер беретін қоғамдық қабылдаулар жүргізіледі.

Мектеп жәрмеңкесі 30 тамызда қалалық әкімдік алдындағы алаңда сағат 9.00-17.00 аралығында өтеді.