Жәрмеңкеде мектеп формасы, аяқ киімдер, кеңсе заттары, рюкзактар, оқулықтар мен басқа да мектеп жабдықтары төмендетілген бағамен сатылуда. Мектеп жабдықтары қаладағы дүкендер мен сауда нүктелеріне қарағанда 10-50 пайызға дейінгі төмен бағамен саудалануда.
«Жәрмеңкеден балама қажетті барлық заттарды қала дүкендеріне қарағанда біршама төмендетілген бағаға сатып алдым. Мұндай шараның жиі өтіп отырғаны орынды. Мәселен, 12 беттік дәптерді қала дүкендерінен 18-25 теңге аралығында сатып алсаң, мұнда оны 8-10 теңгеге алуға мүмкіндігің бар», - деді Арман есімді баланың анасы.
Мектеп жәрмеңкесі жыл сайын оқу жылының қарсаңында өткізіледі. Келесі сенбі, 23 тамыз күні де жәрмеңке өз жұмысын жалғастыратын болады.